Президент «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

5
02.06.2026 20:27

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірегей спорт жобасы – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы алдымен еліміздің әр түкпірінен келген 116 жеткіншек тәрбиеленіп жатқан заманауи жатақхана ғимаратын аралады. Орталықта еліміз бойынша 4 мыңнан аса баланың ішінен іріктеліп шыққандарын испандық бапкерлер ойын әдістерін үйретуде. Мұнда балалардың толыққанды оқуы мен жеке даярлығына барлық жағдай жасалған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары, оның ішінде жаңа ашық алаңдар мен 500 орындық жабық манеж құрылысы таныстырылды. Академия орнын таңдауда Талғар ауданының таза ауасы мен жағымды климаты негізге алынған. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ФИФА талаптарына сай келетін футбол алаңында болып, испан әдістемесімен жаттығып жатқан жасөспірімдердің шеберлігін тамашалады. Оған  Испанияның Қазақстандағы Елшісімен бірге «Атлетико Мадрид» клубының директорлар кеңесінің мүшесі Давид Вилья және өзге де халықаралық деңгейдегі спорт мамандары қатысты.