Түркістанда тұңғыш рет халықаралық реалити шоу өтті. Оған Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы мен отандық жұлдыздар қатысты. Караван сарай кешенінің қалқымалы сахнасында гала-концерт өткізіліп, жеңімпаздарды марапаттады. Нәтижесінде, 5 қатысушы да арнайы номинация иеленіп, достық жеңді. Ойын-сауық шоуы еліміздің сыртқы және ішкі туризмін дамытуды көздейді.. Өнер иелері аймақтың ең киелі жерлерін аралап, өз елдеріне таныстырады. 3 күнге созылған туристік реалити шоу мұнымен аяқталмайды. Атажұрт Түркістаннан басталған жоба, еліміздің өзге өңірлерінің де ішкі және сыртқа туризмін дамытуды көздеп отыр.