Мүфти мен аймақ басшысы тал екті

5
27.04.2026

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жаңа саябақтардың біріне ағаш көшеттері отырғызылды. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Сондай-ақ дін саласының өзге де өкілдері мен құқық қорғау органдарының мамандары да атсалысты. Игі шара экологиялық ахуалды жақсартып, жасыл желекті көбейту мақсатында өткізілді. Айта кетерлігі,  Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы  бастау алған сәттен бері  2 миллионнан астам ағаш егілді. 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея ел игілігіне берілді.