Дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды

14
27.04.2026 19:01

Елімізде егін егу науқанына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды. Енді қуаңшылыққа тап келген  шаруалар   қолдау туралы өтінімдерін 30 сәуірге дейін жолдай алады. Бұл мүмкіндік республиканың 11 өңіріндегі, атап айтқанда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан бастаған негізгі астықты аймақтар мен Абай, Ұлытау облыстарының шаруаларына беріліп отыр. Сақтандыру шарттары «Kezekte.kz» порталы арқылы онлайн форматта рәсімделеді. Бағдарламаның басты артықшылығы - мемлекет сақтандыру полисі құнының 80 пайызын субсидиялайды. Яғни, шаруалар қаржылық тәуекелдің тек 20 пайызын ғана өтейді. Дәнді және майлы дақылдарды сақтандыру мамыр айынан бастап қыркүйекке дейінгі вегетациялық кезеңді қамтиды. Бұл шара табиғаттың тосын мінезінен келетін шығынды азайтып, егістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.