«Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

14
27.04.2026 19:05

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи ілімін жан-жақты зерделеп, оның рухани мұрасын насихаттау жолдары талқыланды. Дәл осы тақырыпта дінтанушы ғалымдар, жоғары оқу орындары ұстаздарының бас қосуымен конференция өтті. Жиынға мемлекеттік орган қызметкерлері мен Қазақстан діни басқармасының өкілдері де қатысты.