Жазғы лагерьлерге бақылау күшеймек

13
27.04.2026 19:02

Жазғы демалыс қарсаңында балалар лагерлеріне қойылатын санитарлық талаптар қатаңдатылмақ. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ережесіне сай, енді демалыс орындарының аумағы толық қоршалып, ауызсу, кәріз және желдету жүйелері мінсіз жұмыс істеуі тиіс. Қауіпсіздік үшін бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылып, медициналық пункттерде мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Тіпті, маусым бойы шомылу орындарындағы су мен топырақ сапасы тұрақты бақылауда болады. Биыл елімізде 199 балалар лагері жұмыс істейді. Оның 179-ы тек жазғы маусымда қызмет көрсетпек. Тағы бір маңызды жаңалық, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сауықтыру орындарына жоспарлы тексерулер енгізіледі.