Рейд барысында 5 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі анықталған

10
27.04.2026 18:29

Түркістан облысында үш күнге созылған ауқымды рейд қорытындыланды. Өзге өңірлерден келген тәртіп сақшыларымен бірлескен шара барысында 5 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 400-ге жуық автокөлік айыптұраққа қойылды. Олардың қатарында рөлде отырып ұялы телефон қолданғандар мен қарсы бағытқа шыққан жүргізушілер көп. Тіпті жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендер де табылды. Сала өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай жолдағы жауапкершіліктің әлі де төмен екенін көрсетеді дейді. Өкінішке қарай, кей жүргізушілер ережені тек бақылау бар жерде ғана сақтауға дағдыланған. Сондықтан құқық қорғау органдары азаматтарға жол қауіпсіздігі әр жүргізушінің жеке жауапкершілігі екенін ескертеді. Асықпау, жылдамдықты асырмау, рөлде смартфон қолданбау бұл талап емес, өмірді сақтаудың қарапайым қағидасы.