Шаршы тақтаның бетіндегі қара мен ақтың үнсіз текетіресінде бір ғана жүріс бүтін ойынды өзгертуі мүмкін. Тыныштыққа тұнған кеңістікте тек сағаттың баяу үні естіледі. Түркістан облысында өткен дәстүрлі шахмат турнирі дәл осындай тереңдік пен төзімділіктің алаңына айналды. Бәйдібек ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған зияткерлік дода ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен ұлағатты ұстаз Жәділ Қожамұратұлын еске алуға арналды. Ақыл-ой аламанында өңірдің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық жас ойыншы өзара бақ сынасты.
️