Еліміздің есепке жүйрік, ойы ұшқыр математик ұстаздар Түркістан төрінде тоғысты. Аудан, қала, облыс деңгейіндегі іріктеулерден сүрінбей өткен үздіктер үшін бүгін шешуші күн. «Математикалық регата» олимпиадасының финалдық кезеңі басталды. Ашылу салтанаты заманауи білім ордаларының бірінде өтіп, қатысушылар бірден тартысты додаға кірісті.