Түркістанда халықаралық талаптарға сай салынған заманауи атшабар ресми түрде пайдалануға берілді. Жаңа нысан ұлттық спорттың жаңа тынысын ашқан орталыққа айналып отыр. Сондай-ақ, өңірдің туризм және рухани орталық ретіндегі беделін арттыра түсетін бірегей кешен болмақ. Қазірдің өзінде мұнда онға жуық ұлттық спорт түрінен әлемдік және республикалық жарыстар ұйымдастырылып келеді. Мәселен, наурыз айының 17-21 аралығында көкпардан өткен халықаралық бәсекеде әлем чемпионы анықталды. Салатанатты шараның өту барысы тілші бейнематериалында.
️