Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін Ақордада марапаттады. Мемлекет басшысы Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін өте табысты болғанын айтты. Сонымен қатар параспортшылардың өжет мінезі мен мұқалмас жігері көпке үлгі екеніне тоқталып, Ербол Хамитовты жоғары спорттық жетістіктері үшін III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Айта кетейік, жаһандық бәсекеде отандасымыз алтын және қола медальді қанжығалаған болатын.
️