“Алаштың Бекарысы - айтыстың Бейбарысы” атты ақындар айтысы өтті

36
26.03.2026 19:47

 Айтыс өнерінің майталманы, ақын Бекарыс Шойбеков 50 жасқа толды. Осыған орай, Түркістанда «Алаштың Бекарысы – айтыстың Бейбарысы» атты ауқымды республикалық аламан айтыс өтті. Тарихи шаһарда ұйымдастырылған рухани кеште елге танымал  14 ақын сөз сайыстырып, ұлттық өнердің мерейін асырды. Дүлдүлдер бір сахнада тоғысқан рухани кештің куәсі болған әріптесім тарқатып айтып береді.