Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы мен халықаралық UNICEF ұйымы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында тараптар алдағы әріптестік бағыттарын талқылап, жастарды қолдауға арналған бірқатар бастамаларды ортаға салды. ЮНИСЕФ өкілдері өз қызметтерімен таныстырып, жастардың білім алып қана қоймай, алған тәжірибесін өзгелерге үйрету арқылы қоғам дамуына үлес қоса алатынын атап өтті. Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер жастардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
️