«Айтыстың алтын айдары Бекарысы» жинағының тұсаукесері өтті

26
26.03.2026 19:45

Түркістан қаласында «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты жинағы таныстырылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен сөз зергерлері арнайы қатысты. Төрт томдық жинаққа ақынның осы уақытқа дейін айтыс аламандарында төккен жырлары мен ұлттық өнерді дәріптеудегі еңбектері топтастырылған. Жиналғандар кітаптың мазмұны мен рухани маңызына тоқталып, автордың шығармашылық  қарымына зор баға берді.