Олжас Бектенов Түркістан облысында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді

28
26.03.2026 19:48

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы қуаттылығы 1000 МВт болатын бу-газ электр станциясы құрылысымен танысып,  жобаның жүзеге асу барысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынып жатқан еліміздегі ірі энергетикалық нысан Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге  мүмкіндік бермек.