Көктем келіп, күн жылынған сайын балалар көбірек далаға шыққысы келеді. Сондайда ойын қызығына берілген бүлдіршіндер түрлі оқыс жағдайға тап болуы мүмкін. Осы ретте Түркістан облысының дәрігерлері мен төтенше жағдай қызметкерлері ата-аналарды сақтыққа шақырып, бала қауіпсіздігін күшейту қажет екенін ескертуде.