Көлігіңізді 5 минуттан артық қыздырсаңыз айыппұл арқалайсыз. Оның көлемі 5 айлық есептік көрсеткіш. Яғни 19 660 теңге. Қазір қоғамды алаңдатқан заң жобасы осы. Сарапшылар бұлай жасамаса экологияға зардабы мол деп отыр. Ал тұрғындардың көбі бұл ережеге наразы. Әріптесім Нұрдәулет Сыздық мамандармен тілдесіп мәселенің мән жайын біліп қайтты.