Есірткіні жарнамалаған шымкенттік жасөспірім 6 жылға сотталуы мүмкін. 16 жастағы тұрғынды полицейлер қылмыс үстінде ұстап, өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшаларды тәркіледі. Анықталғандай күдікті заңға қайшы жұмысты интернет арқылы тауып, маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткіні жарнамалаған. Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу әрекеттерін жүргізуде.