Еңбекақы көп, зейнетақы аударымы екі есе аз. Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту тақырыбындағы Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осылай деді. Ведомство басшысы Қазақстанның еңбек нарығындағы бірқатар өзекті мәселені атады. Соның бірі - көлеңкелі жұмыс орындары. Министрдің сөзінше, еңбекақы төлеу қорының көлемі зейнетақы аударымдары деректері және Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша екі түрлі. Деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады.