3 млн тұрғын 1 миллион тоннадан астам қоқыс жинады. «Таза Қазақстан» эко акциясы басталғалы республика бойынша 100 мың тұрғын үйдің ауласы тазаланды. Ел азаматтары қоршаған ортаны күтіп баптауға бейімделді. Себебі тазалық жұмыстары өңір-өңір де ауыл аймақтарда белсенді жүріп жатыр. Сондай игі шараның бірі бүгін Қазығұрт ауданында да өтті.