Маңғыстауға бақша өнімдерін өзге өңірден карантиндік сертификатсыз тасымалдап барған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл осындай 44 жағдай тіркеліпті. Ал былтыр 58 заңбұзушылық болған. Әсіресе оңтүстік Қазақстаннан қауын-қарбыз таситындар тексеруден өткізбей, маңызды құжатты алып жүрмейді екен. Бұл туралы Ақтау қалалық аумақтық инспекция басшысы мәлімдеді.