Өз кәсібін ашып, табысын еселеуді көздейтін азаматтар үшін мемлекеттің жәрдемі зор қолдау болып отыр. Соның бірі – қайтарымсыз мемлекеттік грант. Бұл мүмкіндік көптеген тұрғынның бизнес-идеясын нақты жобаға айналдыруына жол ашып келеді. Былтыр осындай қолдауға ие болған Мақтаарал ауданының тұрғыны Меруерт Әуелбекова бүгінде жеке сән салонын ашып, кәсібін кеңейтіп отыр.