Екі ел ынтымақтастығына 20 жыл

12
19.06.2026 11:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен Черногория Президенті Яков Милатович келді. Ақордада өткен салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздер қорытындысында тараптар дипломатиялық байланыстардың 20 жылдығын атап өтіп, сауда көлемін ұлғайту, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм, жоғары білім және ғылым салаларындағы серіктестікті дамытуға уағдаласты. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады.