Тексеру комиссиясына 15 жыл

18
19.06.2026 19:30

Бюджет қаражатын тиімді игеру. Қаржылық ашықтық. Тексеру комиссиясының басты міндеті. Биыл дәл осы ұйымның құрылғанына 15 жыл. Осы аралықта жергілікті жердегі қаржылық тәртіптің іргетасына айналды. Соңғы 6 жылда қаржы саласында 1,5 трлн теңгені қамтыған бұзушылық анықталған. Оның 1,1 млрд теңгесі бюджет кірісіне өтелген. Сондай ақ, 2 мыңға жуық лауазымды тұлға тәртіптік, мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 200 млн теңгеден астам айыппұл салынып, бюджет кірісіне түскен. Мерейтой аясында, дәл осы салада еңбек еткен азаматтар ескерусіз қалмады. Оларға «Тексеру комиссиясының құрылғанына – 15 жыл» мерекелік төсбелгісі табысталды.