Тілсіз жау жалмап өткенде, секундтар адам өмірін де шарпып кетуі мүмкін. Осыған дейін Кентауға қарасты Қарнақ ауылында өрт шықса, тұрғындар қаладан көмек жеткенше дәрменсіз отыратын. Себебі ара қашықтық 15 шақырым. Жетудің өзіне кемі жарты сағат уақыт кететін. Енді бұл қауіп артта қалды. Қарнақта «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында су жаңа өрт сөндіру бекеті ресми түрде іске қосылды. Бұл Кентау қаласындағы екінші, ал облыс бойынша 11-ші құтқару ошағы.
Жаңа бекет тек Қарнақты ғана емес, Сауран ауданымен шекаралас жатқан Шаштөбе, Шекербұлақ пен Жүйнек ауылдарында апатты болдырмауға және онымен күресуге қызмет етеді. Бекеттің ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, үздік қызметкерлерді марапаттады. Ал ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Әсіресе 27 жыл өмірін отпен арпалысқа арнаған ардагер өрт сөндіруші Валери Елеусізов шешуші сәттерде жолдың алыс жақындығы адам тағдырын шешетінін талай көргенін айтады.
ВАЛЕРИ ЕЛЕУСІЗОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындардың қауіпсіздігін тәулік бойы күзететін бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Жобаны қолға алмас бұрын, мамандар үш ай бойы дайындық жүргізіп, ауылдың кез келген нүктесіне тез жетуге ыңғайлы жоғарғы аймақты бекіткен. Мұнда құтқарушылардың сапалы қызмет етуіне барлық жағдай жасалған.
БОЛЫСБЕК ШӘРІПБЕКОВ - КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы, шалғайдағы ағайынның қауіпсіздігін күшейту Төтенше жағдайлар министрлігінің басты назарында. Осы мақсатта басталған ауқымды бағдарлама аясында облыс аумағында өрт сөндіру бекеттерінің желісі әлі де кеңейе түспек.
БАҒДАТ ЧАЙЗАДА - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында еліміздің барлық 17 өңірінде 200 жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Енді қысылтаян кездерде «көмек кешігіп жетеді» деп алаңдауға еш негіз жоқ.