Ордабасы ауданындағы Күлтөбе қалашығында биылғы археологиялық маусым нәтижелі болды. Қазба жұмыстары кезінде екі жерлеу орны анықталып, сирек кездесетін тарихи жәдігерлер табылды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Күлтөбе қалашығының Оңтүстік Рабад бөлігінен 14 жазба текшенің фрагменті табылған. Оның төртеуі жақсы сақталған. Ежелгі жазбаларда асыл қазына, әскери терминдер, әке-бала қатынасы, көшпенділер өмірі мен Навакметан, Кеш, Самарқанд секілді көне қала атаулары кездеседі. Мамандар бұл тың деректер өңірдің көне тарихын тереңірек тануға жол ашатынын айтады.