Еліміздегі әрбір екінші азамат мемлекеттік рәміздерді ұлттық құндылығымыз деп санайды. Бұл арнайы жүргізілген сауаланма нәтижесінде белгілі болды. Әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 51,2 пайызы мемлекеттік мерекелерді Ту мен Елтаңбамен байланыстырса, 44,1 пайызы Әнұранды атаған. Бұл қазақстандықтардың мемлекеттік мерекелерді егемендік пен ұлттық бірліктің символы ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, азаматтардың 38,1 пайызы ұлттық киімді, 22 пайызы тарихи тұлғаларды мерекенің ажырамас бөлігі деп есептейді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай көзқарас патриоттық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық сананы нығайтатын маңызды құрал болып қала беретінін аңғартады.