Мыңдаған спортшы бір алаңда бас қосты

11
04.06.2026 20:35

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Түркістан жұртшылығы алаңда спорттық  жаттығулар жасап, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.  Игі бастамаға спорт саласының мамандары, жастар мен қоғам белсенділері қатысты. Әнұранмен бастау алған басталған науқанға мыңдаған адам жиналып, бір мезетте дене жаттығуларын орындады. Олардың қатарында қаланың мерейін әлемдік додаларда үстем жүрген Олимпиада чемпиондары да бар. Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттау арқылы мерекелік күнге ерекше серпін сыйлап, рухани құндылықтардың маңызын айшықтады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың басты мақсаты- мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мен жасөспірімдерді спортқа баулу. 

 САМАТ ӨСКЕНБАЕВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ