Түркістан облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

10
04.06.2026 20:33

Түркістан облысында кадрлық ауыс-түйіс болды. Президент Әкімшілігінің келісімімен және өңір басшысының өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Файзулла Байдуллаев тағайындалды. Жаңа жетекшіні активке таныстырған облыс әкімі Нұралхан Көшеров аймақты дамыту жолындағы  ауқымды міндеттерді айқындап, аппарат басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Өз кезегінде Файзулла Байдуллаев мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді.  Айта кетейік, жаңадан тағайындалған аппарат басшысы бұған дейін қаржы және квазимемлекеттік секторда жауапты қызметтер атқарған. Ал 2025 жылдан бастап қазірге дейін облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып келді.