Рәміздер — мақтанышым

10
04.06.2026 20:38

 Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттерінің бейресми саммитінде Қазақстан мен Түркия мемлекетінің Туын  ұшақпен әуеде қатар алып ұшқан осы бейнекөрініс көптің ықыласына бөленген еді. Ал тап осы ресми салтанатқа ұшықыштардың сан мәрте дайындық жасағанын көпшілік біле қоймайды. Жаттығу барысында желдің өтіне шыдамай Тулардың жартылған сәті де болды. Мұндай кезде ұшқыштың жұбайы Жұпар Дүкенбай әп-сәтте бәрін ретке келтіре қояды. Тігінші келіншек алып байрақтардың өзін қайта тігіп, бүлінген жері болса бүтіндеп береді. 

 

ЖҰПАР ДҮКЕНБАЙ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 

Бұл туларды мен алдыңғы жылдан бастап тігіп жүрмін. Осындай жаңа тулар ғой. Дайындық кезінде тулар әр жерінен жылтылады. Мен қайта өңдеймін. // 00:17 // Жолдасым сол тік ұшақта ұшады өзі. Сол алыстан іздемей маған әкеп берген ғой. Мен өзім қарап, тігіп, жолдасымнан беріп жіберемін

 

Ал, Түркістандағы кәсіпкер Ақболат Анашбеков мемлекеттік рәміздерді түрлі форматта  өзі әзірлейді. Оның айтуынша, бүгінде әсіресе жастар арасында патриоттық рухты көрсетудің жаңа үлгісі қалыптасқан. Олар ұлттық рәміздер бейнеленген төсбелгі, жапсырма, бас киім мен киім үлгілеріне жиі тапсырыс береді. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерден келетін тапсырыс та толастаған емес.  

 

АҚБОЛАТ АНАШБЕКОВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР 

Қазіргі жастарымыздың патроиттыққа бет бұрғанын әлеуметтік желіден де көруге болады. Жастар киімдерін көп алып келеді. Елтаңда Ту жабыстырып берші дейді. Тіпті көлікке Қазақстан картасын жабыстырғысы келеді.

 

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің тұмары, егемендіктің ерек белгісі. 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған көк Туымыз бейбітшілік пен бірліктің нышанына айналды. Шаңырақ бейнеленген Елтаңбамыз ортақ үйіміз бен ынтымағымыздың символы. Ал Әнұран азат рухтың, елдік пен еркіндіктің үні.