Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

10
04.06.2026 20:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде  Мемлекеттік Туымызды көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы Президентке салтанатты шараға дайындық туралы рапорт беріп, одан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, Көк байрақ көкке көтерілді.

 

Ту, Елтаңба және Әнұран – ел тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтардың жарқын символы. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Президент Мемлекеттік рәміздер күні әрбір қазақстандық үшін айрықша маңызға ие мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлттық нышандарды құрметтеу отаншылдықтың басты көрінісі екенін айтып, олардың мәртебесін арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ