Түркістан облысында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының өңірлік кезеңі өтті. Сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген 20-ға жуық үміткер қатысты. Шара барысында арнайы жасақталған комиссия мүшелері қатысушылармен әңгімелесу өткізіп, атқаратын жұмыстарына қатысты сауалдар қойды. Бүгінгі нәтижемен 5 үміткер «халықтық дауыс беру» кезеңіне жолдама алып, үздік атанған қызметкер республикалық кезеңге жолдама алмақ.