Түркістанда ламинат өндіретін зауыт сәуір айында өз жұмысын бастады. Өндіріс алаңында алғашқы құрылғылар іске қосылып, цех ішін жаңа өнімнің иісі мен қарбалас тірлік кернеп тұр. «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорында шикізаттан дайын өнімге дейінгі барлық үрдіс жүзеге асырылуда. Ондағы тыныс-тіршілікпен танысып қайтқан арнамыздың тілшісі тарқатып айтып берсін.
️