Қазығұрттық жастар «AL-FARABI» зияткерлік сайысына қатысты. Бұл жоба «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында биыл 9 ші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі дода өскелең ұрпақ арасында, интеллектуалды ортаны қалыптастыруға бағытталған. Ашық аспан астында өткен білім бәйгесіне мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және түрлі сала мамандарынан құралған 200 команда, 1000-ға жуық жас қатысты. Ашылу салтанатына аудан әкімі арнайы қатысып жобаның маңыздылығын айтып қатысушыларға сәттілік тіледі.
️