Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңа заң мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Енді мемлекеттік қызметке іріктеу үдерісі толық цифрлық форматқа көшіріледі. Конкурс рәсімдері «е-Qyzmet» жүйесі арқылы өткізіліп, мерзімі бұрынғы 23–30 күннің орнына 5–7 жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметке даярлау институты енгізіліп, жастарды мектеп қабырғасынан бастап кәсіби бағдарлау жұмыстары қолға алынған.
️