Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға айырықша көңіл бөлінеді. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов оқушылар мен студенттер үшін жазғы кезеңді қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасалуы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, жаз мезгілінде мопед, скутер мен велосипед тізгіндейтін жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары артады. Осыған байланысты ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстар күшейтілмек. Үкімет басшысы ата-аналар баланың араласатын ортасын, қызығушылығы мен бос уақытын қалай өткізетінінен үнемі хабардар болуы керек екенін атап өтті.
️