Салауатты өмір салты насихатталды

13
26.05.2026 20:25

26 маусым  − Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні. Осыған орай, Түркістан облысында 1 ай бойы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға үндейтін шаралар өтеді. Ауқымды акция бүгін Кентау қаласынан бастау алды.  Хантағы тауының баурайына жиналған өңір жастары мен студенттерге есірткінің зияны туралы ақпараттар айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.