Шығыс Қазақстанда жалған шот-фактура рәсімдеумен айналысқан бір топ азамат ұсталды. Олар 3 жылдан бері ауыр техникаларға қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы заңсыз бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде жасап отырған. Осылайша, олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуден оңай жалтарған. Аталған заңсыз схемаға мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектесіпті. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.