Түркия елінің Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қос елдің басшыларының кездесуінде кейінгі жылдары қарқын алған серіктестіктің жаңа басымдықтары айқындалмақ. Одан бөлек ертең Түркия президенті Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымы басшылары кеңесінің бейресми саммитіне қатысады.
️