«Sergek» камералары жүргізушінің шаршағанын екі минутта анықтай алады. Бұл туралы компанияның IT-өнімдерді дамыту жөніндегі директоры мәлімдеді. Қазіргі қалалық қауіпсіздік жүйелері негізінен оқиға болып кеткеннен кейін ғана тіркеумен шектеледі. Жаңа жасанды интеллект бұл олқылықтың орнын толтырмақ. Енді жүйе жол апаты болмай тұрып, көлік иесінің агрессивті мінез-құлқын, қауіпті аймақтарды және тасжолдағы қауіпті шаршау белгілерін алдын ала біледі. Осыдан кейін патруль қызметіне бірден push-хабарлама жолданады.
️