Түркістан облысында төртінші мәрте бауыр трансплантациясы сәтті өтті. Бұл жолы да отбасы мүшелерінің жанкешті шешімі адам өміріне араша түсті. Отыз тоғыз жастағы науқасқа туған сіңілісі донор болуға келісім беріп,оның өмірін сақтап қалды. Өңірде жуырда ғана тап осындай операция сәтті жасалды. Қарындасы ағасына бауырының бір бөлігін беріп,көпшілікті тебіренткен еді. Қазіргі уақытта қалыпты өмір салтына оралған олар, ерекше күтімнің арқасында еңсе тіктеп келеді.
️