Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануы мүмкін. Бұл бастама Қазан қаласында өтіп жатқан ИСЕСКО Бас конференциясының 15-сессиясында көтерілді. Биылғы форумға ұйымға мүше 53 мемлекеттің өкілдері қатысып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарларды талқылауда. Сонымен қатар, қазақстандық тарап 2026 жылы Алматы қаласында Әл-Фараби мұрасына арналған II халықаралық конференция өтетінін жариялады. ИСЕСКО-мен бірлесіп ұйымдастырылатын бұл жиын ислам мәдениеті мен ғылымын дәріптеудегі маңызды қадам болмақ. Айта кетейік, төрт жылда бір рет өткізілетін Бас конференция бүгін өз жұмысын қорытындылайды.
️