Шардарада биіктігі 6 метрлік алып сәукеле жасалды

18
14.05.2026 18:13

Шардарада қазақ қызының рухани тәжі — биіктігі 6 метр болатын алып сәукеле көпшілік назарына ұсынылды. «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен өткен «Аналар аманаты» шарасында бұл бірегей туынды әлемдік рекордты жаңартты. Орталық стадионда өткен шеруге 500-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында ақ жаулықты аналар, спорт чемпиондары мен өнерпаз мектеп оқушылары бар. Шерудің көрігін қыздырған 300-ден астам оқушы «Қара жорға» мен «Гәкку» билерін орындап, ұлттық рухты асқақтатты. Ал алып сәукеленің жеті желегін өңірдің дамуына үлес қосқан ардақты аналар мен еңбек озаттары алып жүрді. Жиын барысында ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген қыз-келіншектер марапатталды.