Осыдан үш жыл бұрын ашылған Түркістандағы мұз сарайы бүгінде қысқы спорт ойындары жиі өтетін басты аренаға айналды. Заманауи кешен сонымен бірге жас спортшыларды шыңдап, олардың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындалуына мүмкіндік беріп отыр. Кешенге тек спортшылар емес, мұз бетінде сырғануға әуестенген қарапайым тұрғындар да жиі келеді.