Оңалту орталығы екі ауысымда жұмыс істеп жатыр

20
03.03.2026 19:13

Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған 4 оңалту және 3 «Қамқорлық орталығы» бар. Соның бірі 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бүгінде 60 орынға шақталған ғимарат жылына 1200-ге жуық баланы оңалтудан өткізуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта мамандар дамуы мен сөйлеуі кешеуілдеген, денсаулығында кінәраты бар жандарға кешенді ем-дом шараларын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.