Әжелер алқасы ата заңды қолдады

11
03.03.2026 19:13

Конституция – қағазға түскен қара сөз емес, елдің үні мен қалауынан туған жалпыхалықтық шешім. Ол – әр шаңырақтың тыныштығы мен әр азаматтың құқығын қорғауға арналған тағдыршешті құжат. Өңірімізде облыстық  ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әжелер ұйымының өкілдері осындай пікір білдірді. Олар республика көлемінде жалғасып жатқан талқылау жиындарынан шет қалмай, маңызды бастамаларға үн қосып, белсенді атсалысуда.