Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға шұғыл үндеу жасады

12
03.03.2026 19:12

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарға видеоүндеу жасап,  қызылшаға қарсы балаларға жаппай екіпе жасатуға шақырды.  Министрдің айтуынша, елде қызылша жұқтырғандар саны артқан. Бас дәрігер бұл ауруды «қарапайым инфекция» деп қарауға болмайтынын ескертті. Себебі қызылша пневмонияға, жүйке жүйесінің зақымдануына және өзге де ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе ерте жастағы балалар үшін қауіпті. Осыған байланысты министрлік 6–10 айлық балаларды қосымша иммундау шарасын бастаған. Сондай-ақ бұған дейін екпе алмаған балаларды қамту жұмыстары күшейтілген. Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде ауру көрсеткіші біршама төмендеген. Министр сенімді қорғанудың жалғыз жолы – вакцинация екенін атап өтіп, ата-аналарды дәлелді медициналық көмекке жүгінуге шақырды.