Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?

18
03.03.2026 19:10

Қазақстан Ұлттық статистика бюросы елімізге гүл жеткізетін негізгі елдердің тізімін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан шетелден 77,6 миллион АҚШ долларына 10 954 тонна гүл импорттаған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға аз. Елімізге гүл жеткізетін басты мемлекет – Эквадор. Жалпы импорттың 41,9 пайызы, яғни 4 586 тонна гүл осы елден әкелінген. Сонымен қатар ірі жеткізушілер қатарында Қытай – 2 678 тонна, Нидерланды – 1 702 тонна, Колумбия – 778 тонна және Кения – 739 тоннаға дейін импорттаған. Жалпы, өткен жылы Қазақстан әлемнің 45 елінен гүл сатып алған. Ең көп сұранысқа ие болғаны раушан гүлдері.