Кентау қаласында садақ атудан ашық біріншілік өтті. «Жас мерген» деп аталатын дәстүрлі сайысқа қаладағы 6 колледж бен өңірдің әр аймағынан келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, биыл қатысушылар саны көбейіп, бәсекелестік артқан. Жалпы жарыс бірнеше жас санаты бойынша өтіп, қатысушылар мергендік шеберліктерін сынға салды. Сайыс соңында үздік спортшылар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
️