Енді мүгедектікті белгілеу үшін қағаз құжат жинаудың қажеті жоқ. Аталған үрдіс енді толықтай цифрландырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді. Департамент басшысы осы жылдың 10 айында халықты әлеуметтік қорғауды аумақтық деңгейде ұйымдастыру, реттеу және жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеді.
️